Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

06 мамыр 2025, 22:29
Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектептері мен академия командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының өткізу форматының өзгергенін хабарлайды.

ҚФФ 2025 жылғы маусымнан бастап JKFL Лигасы жеке футбол мектептері мен академиялардың жасөспірім командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатын ұйымдастырудан бас тартқанын мәлімдейді. Аталған жарыс бұрын ҚФФ-ның бұқаралық футбол департаментімен бірлесіп өткізілетін.

Осы маусымнан бастап чемпионатты өткізуді ҚФФ бұқаралық футбол департаменті аймақтық (жергілікті) футбол ассоциацияларының қолдауымен тікелей жүзеге асыратын болады.

Федерация жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруды, барлық командалар үшін тең жағдай жасауды және елімізде бұқаралық балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуды жалғастырады.

Бөлісу
Жоғары