Қазақстан ұлттық, жастар және әйелдер құрамалары ойындарына билеттердің онлайн сатылымы басталды

Ұлттық құрама 9 маусым күні 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі үшінші тур аясында Солтүстік Македония құрамасына қарсы матч өткізеді. Кездесу Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы – 19:00. Билеттердің бағасы – 700 теңгеден басталады. Билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алуға болады.
U-21 жастар құрамасы 5 маусым күні 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Андорраға қарсы өткізеді. Матч Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы – 19:30. Билеттерді мына сілтемеден сатып алуға болады. Бағасы – 500 теңгеден басталады.
Әйелдер ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Алматыда екі ойын өткізеді. 30 мамырда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнмен кездеседі (ойын 17:00-де басталады), ал 3 маусым күні Люксембургпен ойнайды (басталуы – 22:00). Билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алуға болады. Бағасы – 700 теңге.