ҚФФ U-16 ұлттық академиясы Freedom QJ League турнирінің үшінші турында «Оқжетпес» U-18 командасын жеңді

ҚФФ U-16 академиясы нәтижелі ойын өткізіп, «Оқжетпес» U-18 командасынан 5:2 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде Давид Заречный дубль авторы атанса, Платон Шипицин, Айбын Дәулетұлы және Алиасқар Рахимбаев та мергендік танытты. Қарсы тараптан Ескендір Әнуарбек пен Санжар Жамкеев бір-бір голмен жауап қатты. Осылайша, ҚФФ академиясы маусымның алғашқы үш турында қатарынан үш жеңіске жетіп, 9 ұпай еншіледі.
ҚФФ U-16 академиясы – «Оқжетпес» U-18 – 5:2 (1:1)
Голдар: Шипицин 19 (1:0), Әнуарбек 38 (1:1), Заречный 48 (2:1), Дәулетұлы 67 (3:1), Жамкеев 69 (3:2), Заречный (п) 89 (4:2), Рахимбаев 90 (5:2);
ҚФФ U-16 академиясының құрамы: Дүкенбаев (қ), Рахимбаев, Турищев, Жұмагелді, Лисохмар (Оразғалиев 90), Болат (Жақұпов 85), Оспанов (Дұтпаев 73), Шипицин (Дәулетұлы 46), Бабашев (Маратов 46), Шалыгин, Заречный;
Қосалқы құрам: Заманбек (қ), Қуанышев, Дәулетұлы, Жақұпов, Маратов, Дұтпаев, Оразғалиев;
18.05.2025. «Пеле» стадионы, Талғар.