Пауло Рикардо Кака UEFA Futsal Experts тобына қосылды

Пауло Рикардо Кака UEFA Futsal Experts тобына қосылды

22 мамыр 2025, 17:31
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) жаңартылған бапкерлер конвенциясы аясында құрылған UEFA (UEFA Futsal Experts) футзал сарапшылары тобының құрамына шақырту алды.

Топта футзалдағы бапкерлік білімді дамытуға және лицензиялау жүйесіне енгізілетін реформаларды жүзеге асыруға атсалысатын білікті мамандар жиналған. Бұл консультативтік топ футзалдағы бапкерлік білімді дамытуға және лицензиялау жүйесіне енгізілетін реформаларды жүзеге асыруға бағытталған. 2025 жылдан бастап УЕФА футзал бапкерлері үшін жаңа UEFA Futsal C, UEFA Futsal B және UEFA Futsal A жаттықтырушылар санатын енгізеді.

Какадан бөлек бұл топқа қосылғандар:

•  Жорж Брас – Португалия құрамасының бас бапкері;
•  Хосе Венансио Лопес – Испания құрамасының бұрынғы бапкері, Еуропаның екі дүркін чемпиионы;
•  Массимилиано Беларте – Италия құрамасының бұрынғы, ал Латвия құрамасының қазіргі бапкері;
•  Мико Мартич – Еуропада танымал футзал сарапшысы.

Сарапшылар тобы ұлттық қауымдастықтарға жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу мен енгізу барысында әдістемелік қолдау көрсетеді. Бұл бағдарламалар білікті футзал бапкерлерін даярлауға бағытталған.

«Бұл шақырту – Қазақстан үшін зор жетістік әрі халықаралық деңгейдегі мойындау деп есептеймін. Бұл еліміздің әлемдік футзал қауымдастығындағы абыройын арттыра түседі. Осы бағыттағы жұмысым отандық жаттықтырушылардың кәсіби деңгейін көтеруге және футзалдың дамуына ықпал ететініне сенемін», – деді Кака.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары