Қазақстан әйелдер құрамасының Ұлттар лигасына арналған кеңейтілген құрамы белгілі болды

Қазақстан әйелдер құрамасының Ұлттар лигасына арналған кеңейтілген құрамы белгілі болды

23 мамыр 2025, 21:00
Бас бапкер Мадияр Кембілов Ұлттар лигасының шешуші матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 23 мамырда Алматыдағы «Қайрат» базасында басталады. Жиын барысында екі жолдастық кездесу өткізу жоспарланған.

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы шешуші ойындарын өткізеді. 30 мамырда біздің қыздар Лихтенштейнмен, ал 3 маусымда Люксембургпен Алматыда кездеседі.

Ұлттық құрама сапына 28 ойыншы шақырылды.

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Диярбакыр», Түркия), Назым Исмайлова («Томирис-Тұран»), Әсел Ануарбек («Ұлытау»);

Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де - «БИІК-Шымкент»), Карина Ботабек («Ұлытау»), Қазына Норбаева («Ақтөбе»), Нұрсая Сұлтан («Ұлытау»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы, Мадина Жаңатаева (екеуі де - «Ақтөбе»), Ксенья Хайрулина, Жанеля Ержанова (екеуі де - «БИІК-Шымкент»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Әсел Жолболат («Ұлытау»), Карина Берікова («Борнова Хитабспор», Түркия);

Шабуылшылар: Жансезім Айсапар («Ұлытау»), Әсем Қаражанова, Аида Гайстенова («Ақтөбе»), Ару Ермағамбетова, Назым Алданазар, Томирис Рахатжан, Полина Тучина (бәрі - «Қайрат»), Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Турбине» Потсдам, Германия), Анастасия Тян («Томирис-Тұран»);

Жаттықтырушылар құрамы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы бапкері, Мұрат Мұқашев – қақпашылар жаттықтырушысы, Тимур Қасымов – сарапшы, Айдана Рамазанова – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Болат Тыныбек – қауіпсіздік офицері, Серік Жугралин– менеджер

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары