Петропавлда Walking Football турнирі өтті

Жүрмелі футбол – бұл тек спорт емес, аға буын өкілдеріне арналған әлеуметтік жобалардың бірі. Ойын форматы белсенді өмір салтын насихаттауға, денсаулықты нығайтуға және жаңа ортаға бейімделуге ықпал етеді. Турнирге 50 жастан асқан қатысушылар қатысты.
Бұл футбол түрінің басты ерекшелігі – ойын барысында жүгіруге тыйым салынады. Сондай-ақ допты бастан жоғары көтеруге болмайды. Осындай талаптар егде жастағы адамдардың өздерін жайлы сезінуіне және денеге артық күш түсірмей ойнауына мүмкіндік береді. Жүрмелі футбол жарыстары залда да, ашық алаңда да ұйымдастырылады.
Петропавлда өткен турнирде келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:
-
1 орын – «Авангард» ардагерлер командасы
-
2 орын – «Әділет» командасы
-
3 орын – «Казкад» командасы
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға себеп болды. Қазақстан футбол федерациясы мұндай жобаларды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.