Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмады

Италияның Фасано қаласында өткен алғашқы матч алаң қожайындарының пайдасына 2:1 есебімен аяқталған болатын.
Қарымта ойында Кака бастаған ұлттық құрама негізгі уақытта 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Акбаликов көзге түсіп, Габлиэль Мотта өз қақпасына гол соқты.
Екі ойыннан кейін есеп 4:4 болып, Еуро-2026 жолдамасының тағдыры матч соңындағы пенальти сериясында шешілді. Бұл кезеңде Италия құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.
Қазақстан – Италия – 3:2, 0:2 м.с.п. (1:1)
Голдар: Тұрсағұлов 3 (1:0), Барикелло 8 (1:1), Акбаликов 17 (2:1), Турмена 32 (2:2), Мотта 35-автогол (3:2)
Пенальти сериясы: Акбаликов (қақпашы), Турмена (0:1), Кнауб (қақпашы), Венансио (маңдайша), Дуглас (қақпашы), Мотта (0:2), Эдсон (қиыс кетті)
Ескертулер: Эдсон 7, Дуглас 17, Акбаликов 27, Абдуманапұлы 32 – Венансио 7, Пульвиренти 27, Роззети 38, Де Оливейра 45
Қазақстан: Игита (К), Өтепбергенов – Эдсон, Есенаманов, Тұрсағұлов, Абдуманапұлы, Кнауб, Қайырбай, Дәрібай, Лео, Акбаликов, Дуглас, Оразов, Төреғазин
Бас бапкер – Кака
Италия: Беллобуоно, Дальчин – Роззети, Венансио, Либерти, Алекс Мерлим, Пульвиренти, К.Музумечи (К), Де Оливейра, Мотта, Гайо, Фортини, Турмена, Барикелло
Бас бапкер – Сальваторе Сампери
Төрешілер: Мартинес Флорес, Дельгадо Састре (екеуі де – Испания)
23 қыркүйек 2025 ж. Астана. «Жекпе-Жек».