Ақтөбеде жекеменшік футбол мектептері мен академияларының балалар-жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты аяқталды

Ақтөбеде жекеменшік футбол мектептері мен академияларының балалар-жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты аяқталды

22 қыркүйек 2025, 15:40
Салтанатты шара қалалық оқушылар үйінде ұйымдастырылып, жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар марапатталды.

Жарысқа әр жас санаты бойынша барлығы 30-ға жуық команда қатысты.

Ойын нәтижесінде 2008-2009 жылы туғандар арасынан 1-орынды Life style, ал 2- орынды Аrman командасы жеңіп алды. 

2010 жылы туғандар арасынан Al-ayat A командасы 1-орын, Lifestyle  командасы 2-орынды, Alikhan командасы 3-орынмен марапатталды.

Ал 2011 жылы туғандар арасынан 1-орынды Life style, 2-орында Arman, 3 орынды Al-ayat командасы иеленді.

2012 жылы туғандар арасында 1-орын Al-ayat A, 2-орын Alikhan A,  3-орын Life style. 

2013-2014 жылы туғандар арасында 1-орын Jastar 2013, 2-орын Alikhan A, 3-орын Alikhan B

2015-2016 жылы туғандар арасында Jastar 2015 A командасы 1-орынды, Alikhan A командасы 2-орынды, Academy Al-ayat A командасы 3-орынды иеленді. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары