Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 жолдамасы үшін алғашқы матчта Италияға есе жіберді

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 жолдамасы үшін алғашқы матчта Италияға есе жіберді

19 қыркүйек 2025, 10:39
Италияның Фасано қаласында футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін Италия мен Қазақстан құрамалары арасындағы алғашқы матч өткізді.

Алғашқы ойында Италия құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң қожайындары сапынан Джованни Пульвиренти мен Юлио Де Оливейра гол соқса, Қазақстан құрамасынан Шыңғыс Есенаманов қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Қарымта ойын 23 қыркүйек күні Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтеді. Матч 19:30-да басталады. 

Ойынның билеттері Ticketon.kz сайтында сатылады.

Италия – Қазақстан – 2:1 (1:0)

Голдар: Пульвиренти 15 (1:0), Де Оливейра 29 (2:0), Есенаманов 32 (2:1)

Ескерту: Баричелло 12, Де Оливейра 23, Алекс Мерлим 40, К.Музумечи 40 – Есенаманов 29, Дарибай 35, Эдсон 40  

Италия: Беллобуоно, Дальчин – Пульвиренти, К.Музумечи (К), Де Оливейра, Мотта, Россети, Венансио, Либерти, Алекс Мерлим, Гайо, Фортини, Турмена, Баричелло

Бас бапкер: Сальваторе Сампери

Қазақстан: Игита (К), Жеткірбаев – Дәрібай, Эдсон, Есенаманов, Тұрсағұлов, Кнауб, Қайырбай, Ақбалықов, Абдуманапұлы, Карменов, Черномордов, Төреғазин, Марахов

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака

Төрешілер: Криштиану Сантуш, Рубен Сантуш (екеуі де – Португалия)

18 сентября 2025 г. Фасано. «Паласпорт Фасано».

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары