Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы EBSL 2025 турнирін төртінші орынмен аяқтады

Қазақстан құрамасы өз тобында екі ойынды өткізді. Алғашқы кездесуде біздің жігіттер Мальта құрамасын 7:4 есебімен айқын жеңді. В тобының екінші ойынында Қазақстан құрамасы Румынияға есе жіберді. Қосымша уақытқа созылған кездесу 3:4 есебімен аяқталды.
Жартылай финалға топтан екінші орынмен шығып, Литваға қарсылас атанды. Матчтың негізгі уақытында есеп ашылмайды, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. 11 метрліктен Литва құрамасы 3:0 есебімен басым түсті.
Үшінші орын үшін өткен ойында Қазақстан Әзербайжан құрамасымен кездесіп, 1:7 есебімен есе жіберді
Қазақстан – Мальта 7:4
Голдар: Ершин, Кайзер (2), Деринг, Мынбаев, Демешко (2) – Шкембри (3), Незар.
Қазақстан – Румыния 3:4 (қосымша уақытта)
Голдар: Мынбаев, Шевчук, Кайзер – Тома (3), Болат.
Литва – Қазақстан 0:0 (п.3:0)
Қазақстан – Әзербайжан 1:7
Голдар: Курбанов – Елчин (қақпашы), Камран, Байрам, Сахиб, Орхан, Рамил, Джомард.