Астанада футзалдан жасөспірімдер командалар арасындағы Еуро-2027 өтеді
11 қыркүйек 2025, 20:50

Фото: UEFA
Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі футзалшылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды.
Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады.
Айта кетсек, бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазір U-19 санатындағы Еуропа чемпионы – Португалия, ал екі мәрте (2019 және 2022 жылдары) топ жарған Испания ең табысты команда саналады.
Жаңалықтар
09 қыр., 00:32
09 қыр., 00:06
06 қыр., 23:52