Ғалымжан Кенжебек: «Құраманың ойыны дамып келеді»

– Ең алдымен екі күннің ішінде қалыпқа келіп үлгердік. Бүгін ойын алды жаттығу жасаймыз. Қаншалықты дайын екенімізді ертең алаңда көреміз.
– Ғалымжан, сенің Уэльстегі ойыныңнан кейін барлығы сені ұнатып жатыр. Оны өзің де көрген боларсың. Әлеуметтік желідегі «Ғалымжан соңына дейін ойнау керек еді», «Ғалымжан голға лайық болды» деген пікірлерге біз де келісеміз. Саған осындай жазбалар мен пікірлер қалай әсер етеді? Бізде сен сияқты ұлттық құрамада жасындай жарқыраған футболшыларға мақтау сөздер айтқан кезде кейде «ожидание/реальность» болып қалады. Бұндайды қалай қабылдайсың?
– Мұндай жазбалар мен қолдауды ойыннан кейін телефонннан өзім де байқаймын. Ол жақсы әсер етеді. Осындай қолдаулармен өсем деп ойлаймын. Алдағы ойындарда жанкүйерлерден сондай қолдау күтемін.
– Ұлттық құрама сапында көп ойын өткізбесең де, соңғы мачта жақсы ойын өткіздің. Біраздан бері мұндай ойын өткізген ойыншы болмап еді. Әттеген-ай деген күйініш қалып кетті ішімізде. Тағы да 10-15 минут болғанда ішкі түйсігіңде қол соғар ма ең, соқпас па ең? Қалай ойлайсың?
– Мен бірінші құдайға, кейін Әли Ханалиұлы бапкерімізге рахмет айтқым келеді. Өйткені бұл кісі қай уақытта ауыстыру керек екенін бізден көп біледі. Наурыздан бері ойындарды салыстырғанда прогрес бар екенін көріп жүрсіздер. Тренердің өз ойлағаны бар, мен де оған келісемін.
– Ғалымжан, сен ҚПЛ-да «Қайрат» командасымен кездесер алдын оның жеңгім келеді деп айттың. Ойының әдемі өтті, сәтті болды. Ертеңгі ойында да орындауың үшін бүгін дәл сондай мәлімдеме жасай аласың ба?
– Футболшы ретінде тек Қайратты емес, әр матчты ұтқымыз келеді. Ертең де жеңуге тырысамыз және оған бар күшімізді саламыз. Бельгия болсын, Қайрат болсын қандай команда – болса да біз бәрін ұтқымыз келеді.