RB Arman – Павлодар облысының чемпионы

Ал ойын өтетін басты алаң - 600 орынға арналған «Жұлдыз» стадионы.
Биыл ұйымдастырылған Қазақстан әуесқой лигасы аймақтық біріншілікке саналып, осымен 78-рет ұйымдастырылды. Ала доп бәйгесіне қатысқан 13 команда арасынан «RB Arman» командасы финалға жолдама алды.
Жалпы мұнда «Алюминщик» командасы 14 рет облыс чемпионы атанып, көп уақыт жеңіске жеткен команда ретінде көш бастап тұр. Ал «Трактор» командасы 1996-2014 жылдар аралығында 12 мәрте жеңіске жетті. 2000 жылдардың ортасында «Богатырь» командасы 8 рет чемпион атанып, үздік команда деп танылған.
Қазір аймақта Павлодар облысының біріншілігі ойындары сұранысқа ие. Соңғы бес жылда командалар саны көбейіп, әр жылда түрлі команда жеңіске жетті. ФК «Павлодар» (2021), «Ақбет» (2023), «Нардос» (2024), RB Arman (2025).
Сондай-ақ турнир жас футболшылардың танылуына жол ашты. «Ертіс», «Ақсу» спорт мектептерінің түлектері тұрақты түрде қатысып, ойын тәжірибесін жинап жүр. Бірқатар футболшы дәл осы алаңда шыңдалып, кейін кәсіби деңгейге көтерілді.