Қазақстан – Уэльс матчының аккредитациясы

Қазақстан – Уэльс матчының аккредитациясы

22 тамыз 2025, 21:41
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Уэльс матчында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Еске салайық, Қазақстан – Уэльс матчы 4 қыркүйекте «Астана Аренада» өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу 1 қыркүйек күні сағат 12:00-ге дейін (елорда уақытымен) жүргізіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.

Матчтарға арналған аккредитация әр адамға жекелей беріледі. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері 3x4 түсті портреттік фотосуреттерін қосуы керек. Аккредитацияға арналған өтінімдер kff.kz сайтының тиісті бөлімінде толтырылады.

Аккредитацияға қалай өтініш беруге болады?

  1. Іс-шараны таңдау (қай матч/іс-шара үшін аккредитацияға өтініш бересіз)
  2. Толық аты-жөніңізді толтырыңыз
  3. Электрондық поштаңызды көрсетіңіз
  4. Телефоныңызды көрсетіңіз
  5. БАҚ атауын көрсетіңіз
  6. Аккредитация түрін таңдаңыз (жазушы журналист немесе фотограф)
  7. Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпараттың сілтемесін қалдырыңыз
  8. Құжаттар тізімін жүктеп салу қажет: жеке куәлік, 3х4 фотосурет, бас редактор немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген аккредитация туралы өтініштер қабылданбайды. Аккредитациялық бейджиктер ТЕК 3 қыркүйек күні матч алдындағы іс-шарада «Астана Аренада» беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Баспасөзге арналған орындар мен аккредитациялық бейджиктер саны шектеулі. Жіберілген өтінімдер қосымша қаралады.

УЕФА регламентіне сәйкес телехабар таратушы, ұлттық қауымдастықтың операторы және команданың техникалық операторы саналмайтын БАҚ өкілдеріне матч кезінде бейнетүсірілім жасауға қатаң тыйым салынады.

Әрбір БАҚ үшін аккредитиация саны екеуден аспайды (тілші және фотограф/бейнеоператор).

Байланыс телефоны: +7 778 281 81 26 Сейіл Қожатай, e-mail: press@kff.kz

 

Медиа жоспар (елорда уақыты көрсетілген):

3 қыркүйек («Астана Арена» стадионы, Астана)

16:00 – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері мен ойыншысының баспасөз мәслихаты;

16:30 – Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық;

18:00 – Уэльс ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық;

19:15 – Уэльс ұлттық құрамасының бас бапкері мен ойыншысының баспасөз мәслихаты;

 

4 қыркүйек («Астана Арена» стадионы, Астана)

19:00 – Қазақстан – Уэльс матчының басталуы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары