UEFA «С» санаты бойынша бапкерлік курсқа қосымша тыңдаушылар қабылданады

Курсқа қатысқысы келген барлық үміткер Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтының «Техникалық орталық» бөліміне өтінім беріп, тіркеу формасын толтырып, қабылдау талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды жолдауы қажет. Құжаттар 22 тамыз сағат 12:00-ге дейін (Қазақстан уақытымен) қабылданады.
UEFA «С» санаты бойынша курсқа қабылдаудың ең төменгі талаптары:
1. Курстың ресми тілін жеткілікті деңгейде ауызша және жазбаша білуі;
2. Ұйымдастырушы талап ететін барлық құжатты тапсыруы (жеке куәлік немесе паспорт; наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтама; сотталмағаны туралы анықтама);
3. Практикалық сабақтарға денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің болмауы.
Курс құны:
• UEFA санатының атауы: UEFA «JIRA» бағдарламасының «С» санаты бапкерлік курсы;
• Қазақстан азаматтары мен резидент еместер үшін (тұру және тамақтану шығындарын қоспағанда, ҚҚС қосылған): 250 000 теңге;
• Қазақстан азаматтары мен резидент еместер үшін тұру және тамақтану шығындары қарастырылмаған.
Байланыс телефоны: +7 705 534 59 83 (Роман Качановский).