Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді

20 тамыз 2025, 10:56
19-28 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында 2011 жылы туған және одан кіші ойыншыларға арналған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарыс барлық кездесулерін «ОСДЮСШОР» стадионында қабылдайды.

Бәсекеге 10 команда қатысады. «А» тобына Қостанай, Ақтөбе облыстары, Астана, Шымкент және Атырау құрамалары түсті. «В» тобында Түркістан, Алматы, Павлодар, Жамбыл облыстары мен жарыстан тыс ойнайтын Ақтөбе облысының екінші командасы бақ сынайды.

20–24 тамыз күндері топтық кезең өтсе, 25 тамызда жалпы демалыс жарияланған. Кейін жартылай финалдық және жіктеу ойындары жалғасып, 28 тамыз күні финалдық кездесу мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары