Қазақстан футбол федерациясының ресми мәлімдемесі

Қазақстан футбол федерациясының ресми мәлімдемесі

15 тамыз 2025, 14:50
Шымкент қаласында өтіп жатқан футбол орталықтары мен академияларының 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» және «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде жаппай төбелес болды.

Қазақстан футбол федерациясы мұндай әрекет спорт құндылықтарына және футбол қағидаттарына мүлдем сай келмейтінін мәлім етеді. 

Футбол – құрметке, әділ бәсекеге және Fair Play қағидаттарына негізделген ойын. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер көрсеткен кез келген агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттері спорттық этиканы, адами құндылықтарды өрескел бұзу деп саналады.

Төрешілердің хаттамалары мен бейнежазбалар ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне тапсырылды. Осыған байланысты отырыс келесі аптада өтеді.

Барлық кінәлі адамды футболдан өмір бойына шеттетуге дейін қатаң жаза қолданылады.

ҚФФ мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін қатаң ескертеді. Әркім алаңда, оның сыртында регламентті, тәртіп ережелерін және этикалық нормаларды сақтауы тиіс.

Қазақстандағы футбол өрескел әрекеттерден тұрмауы керек. Біз соны табанды түрде қамтамасыз етеміз.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары