Михаил Гурман – 72 жаста!

Михаил Гурман – 72 жаста!

08 тамыз 2025, 11:29
Бүгін қазақ футболының ардагері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Михаил Ильич Гурман 72 жасқа толды.

Михаил Гурманның «Орбита», «Қайрат», «Трактор», «Шахтёр» және «Жетісу» клубтарында ойнады. Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін, Қазақстан футболының дамытуға елеулі еңбегі сіңді. Қазақстан футбол федерациясында, ҚР Туризм және спорт министрлігінде, сондай-ақ Кәсіпқой футбол лигасында еңбек етті.

2019-2021 жылдар аралығында Михаил Гурман «Астана» футбол клубының президенті қызметін атқарды. Оның басшылығымен елордалық команда ел чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп, ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубын жеңіп, тарихи жетістікке жетті.

Қазақстан футбол федерациясы Михаил Ильич Гурманды туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық және Қазақстан футболын өркендетудегі ісіне жаңа табыстар тілейді!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары