Олжас Абраев УЕФА Еуропа лигасы аясындағы «Хамрун» – «Маккаби» Тель-Авив ойынына делегат болып тағайындалды

Олжас Абраев УЕФА Еуропа лигасы аясындағы «Хамрун» – «Маккаби» Тель-Авив ойынына делегат болып тағайындалды

04 тамыз 2025, 11:48
Қазақстандық маман Олжас Абраев УЕФА Еуропа лигасы аясындағы мальталық «Хамрун» мен израильдық «Маккаби» Тель-Авив арасындағы ойынға делегат болып тағайындалды.

Ойын ертең, 5 тамызда Астана уақытымен 22:00-те өтеді. Матчты Паола қаласынынң (Мальта) «Хибернианс» стадионы қабылдайды.

Олжас Абраев 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан ФИФА матчтарының комиссары.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА делегаты ойындарда ұйымның ресми өкілі ретінде қызмет атқарады. Делегат матч алдында ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді, кездесудің тәртіпті ұйымдастырылуын, жарыс және тәртіп ережелерінің сақталуын, матчтың алдында, ойын кезінде және одан кейін стадионда және одан тыс жерде қауіпсіздік және тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, делегат оның талабы бойынша УЕФА әкімшілігіне матчқа дайындық туралы есеп береді және қажет болған жағдайда турнирдің ұйымдастырылу деңгейін бағалау үшін турнир алдында объектке барады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары