ҚФФ өңірлік қатынастар департаментінің директоры Түркістандағы футбол инфрақұрылымымен танысты

Сапар аясында облыстық мәслихат төрағасы, облыстық футбол федерациясының президенті Нұралы Әбішовпен кездесіп, өңірде футболды дамыту, жасөспірімдер арасында жарыстар өткізу бағытындағы жұмыстарды талқылады.
Өз кезегінде Н.Әбішов Түркістан футболында елеулі өзгерістер бар екенін жеткізді. Қазір жаттықтырушыларды қалаға орналастырып, жалақысын көтеру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
- Облыс әкімінің қолдауымен аймақтағы футболға ерекше көңіл бөлінуде. Балалар футболы мен негізгі құрамға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қазір бізде футболдан әуесқой командалары арасында Түркістан облысының Біріншілігі өтуде. Өңірде футбол сүйер қауымның көптігін осыдан байқауға болады. Оған 186 команда қатысуда, - деді Н.Әбішов.
Сондай-ақ Марат Такенов Түркістандағы бірқатар спорт нысанын аралап, «Тұран» футбол клубының жаттығуына қатысты. Ойыншылармен пікір алмасып, алдағы ойындарда сәттілік тіледі.