ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League 10-турында «Оңтүстік» U-18 командасына жол берді

ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League 10-турында «Оңтүстік» U-18 командасына жол берді

25 шілде 2025, 20:20
Freedom QJ League B турнирінің 10-туры аясында ҚФФ U-16 академиясы «Оңтүстік» U-18 клуб-академиясымен сырт алаңда кездесті. Матч 25 шілде күні Шымкенттегі «Намыс» стадионында өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Есеп 20-минутта Элбек Абдукаххаровтың голынан кейін ашылды. Одан кейін «Оңтүстік» ҚФФ академиясының қақпасына тағы үш гол соқты: Али (32’), Ермек (40’) және Абдукаххаров (46’) мергендік танытты. Екінші таймда ҚФФ академиясы есепті қысқартуға тырысқанымен, қарсыластың қорғанысын бұза алмады.

Бұл кездесу осы маусымда академия шабуылшылары гол соға алмаған екінші ойын болды. Соған қарамастан, ҚФФ академиясы Freedom QJ League B турнирлік кестесінде 20 ұпаймен екінші орынды сақтап тұр.

«Оңтүстік» U-18 – ҚФФ U-16 академиясы U-16 – 4:0 (3:0)

Голдар: Абдукаххаров 20 (1:0), Али 32 (2:0), Ермек 40 (3:0), Абдукаххаров 46 (4:0);

ҚФФ U-16 академиясының құрамы: Байжан (қ) (к), Рахимбаев (Жақұпов 70), Турищев, Жұмагелді (Қаси 62), Лисохмар, Дұтпаев (Болат 46), Оспанов, Хизметов, Маратов (Бабашев 46), Шалыгин (Дәуренов 62), Шипицин (Дәулетұлы 78);

Қосалқы құрам: Заманбек (қ), Қаси, Дәуренов, Дәулетұлы, Бабашев, Болат, Жақұпов;

25.07.2025. «Намыс» стадионы, Шымкент.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары