Нуну Алешандре Паррейра де Каштру УЕФА Чемпиондар лигасының матчына инспектор болып тағайындалды

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру УЕФА Чемпиондар лигасының матчына инспектор болып тағайындалды

22 шілде 2025, 15:32
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру УЕФА Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін хорватиялық «Риека» мен болгариялық «Лудогорец» арасындағы матчта қызмет атқарады.

Ойын 22 шілде күні Қазақстан уақытымен 23:45-те Хорватияның Риека қаласында өтеді.

Инспектор – ойын кезінде төрешілердің жұмысын бақылап, олардың іс-қимылына баға беретін жауапты маман. Матч аяқталған соң арнайы есеп жасап, оны тиісті мекемеге жолдайды.

Бөлісу
Жоғары