ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League турнирінің тоғызыншы турында «Оңтүстік» академиясымен тең түсті

ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League турнирінің тоғызыншы турында «Оңтүстік» академиясымен тең түсті

18 шілде 2025, 21:10
Freedom QJ League B турнирінің 9-турында ҚФФ U-16 академиясы Талғардағы «Пеле» стадионында «Оңтүстік» U-18 командасын қабылдады. Кездесу тартысты өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды.

Алғаш болып есепті алаң иелері ашты: 42-минутта Радмир Хизметов бірнеше қарсыласын алдап өтіп, Платон Шипицинге дәл пас шығарды –шабуылшы мүмкіндікті мүлт жібермей, көзге түсті. Екінші тайм басында Шипицин тағы бір гол салып, дубль авторы атанды — бұл жолы ол айып добынан тура соққы жасады.

Алайда шымкенттік команда ес жиып, таразы басын теңестірді: 63-минутта Темірлан Ермек есепті қысқартса, 73-минутта Алихан Али таразы басын теңестірді.

Ойын соңына дейін қос команда да жеңісті жұлып алуға тырысқанымен, матч тең нәтижемен аяқталды. Тоғыз турдан кейін ҚФФ академиясы Freedom QJ League B турнирінің турнирлік кестесінде көшбасшы орнын сақтап қалды.

ҚФФ U-16 академиясы – «Оңтүстік» U-18 — 2:2 (1:0)

Голдар: Шипицин 42 (1:0), Шипицин 56 (2:0), Ермек 63 (2:1), Али 73 (2:2);

ҚФФ U-16 академиясының құрамы: Асхат (қ, к), Рахимбаев, Турищев, Жұмагелді, Лисохмар (Оразғалиев 66), Болат (Оспанов 73), Дұтпаев, Хизметов (Дәулетұлы 57), Маратов (Бабашев 57), Шалыгин, Шипицин;

Қосалқы құрам: Дүкенбаев (қ),Қаси, Дәулетұлы, Бабашев, Қамбар, Оспанов, Оразғалиев;

18.07.2025. «Пеле» стадионы, Талғар.

Бөлісу
Жоғары