Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 16-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 16-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

14 шілде 2025, 12:38
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 16-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялайды.

Тұран – Қызылжар

85-минут – Қонақ команда шабуыл жасап жатқанда, оң жақ флангтан айып алаңына доп асырылды. Қонақ команданың қорғаушысы №15 доп келмей жатып шабуылдаушы №6 ойыншының қолынан ұстай бастайды. Доп келген сәтте ұстау тоқтайды, ал шабуылдаушы ойыншы допқа қарай секіріп, құлап түседі және сол қолымен допты ойнайды. Төреші жақын орналасып, пенальти белгіледі.

Бұл жеңіл ұстау болды және пенальти белгілеуге кейбір критерийлер орындалғанымен, жаңасудың қарқыны жеткіліксіз. Нұсқаулық бойынша күшті әсер етпейтін жеңіл жанасулар үшін пенальти белгіленбеуі тиіс.

Дұрыс шешім – ойынды жалғастыру. VAR жоғарыдағы критерийлерге қарамастан қате түрде араласпады.

 

Тобыл – Оқжетпес

38-минут – Қонақ команданың №27 ойыншысы өте жылдам шабуыл кезінде қарсылас айып алаңына қарай допты алып келе жатады. Айып алаңының шетіне жақындаған кезде, шабуылшы допты қақпаға емес, басқа бағытқа бағыттайды, ал алаң иелерінің қорғаушысы №15 допқа сырғанай кіріп, қарсыласқа тимейді.

Төреші жақын тұрып, жағдайды бақылап, ойынды жалғастыруға дұрыс шешім қабылдайды.

VAR-дың араласпауы орынды, өйткені ереже бұзу болмады және гол соғуға нақты мүмкіндік жойылған жоқ.

40-минут – Қонақ команданың шабуылшысы №10 айып алаңында болған кезде, алаң иесінің қорғаушысы №5 артынан денесімен және қолымен итеріп, шабуылдаушыны құлатады.

Төреші жақсы позицияда болды және бірден пенальти белгіледі.

VAR-дың араласпауы – дұрыс шешім.

 

Ордабасы Астана

67-минут – Доп үшін күрес кезінде қонақ команда ойыншысы №17 қарсыласы №45-ке қолымен желке/мойын тұсынан қарқынды түрде соққы жасап, допты ойнамай, тек арқасымен жанасады.

Төреші өте жақын жерде болып, жағдайды анық көріп, бірден сары қағаз көрсетеді, бұл ойыншының екінші ескертуі болғандықтан, қызыл қағазбен ойыннан шығарады.

VAR араласпағаны – дұрыс шешім.

 

Жеңіс – Жетісу

53-минут – Доп екі ойыншы арасында болғанда, алаң иесінің ойыншысы №87 аздап секіріп, аяғын жоғары көтеріп, қарсыласы №4-тің басына түзу аяқпен және шиптармен соғады. Бұл кезде қарсылас допқа таласу үшін алдында тұрған.

Төреші өте жақын тұрып, дұрыс позицияда болып, ойыншыға қарсылас денсаулығына қауіп төндіргені үшін бірден қызыл қағаз көрсетеді.

VAR араласпауы – дұрыс шешім.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары