Астанада УЕФА құрамындағы қазақстандық төрешілерге арналған оқу-жаттығу жиыны өтті

Семинарға барлығы 16 төреші қатысты, оның ішінде бейнеқайталау жүйесінің (VAR) мамандары мен әйелдер арасындағы халықаралық төрешілер тобы да бар. Оқу процесін ҚФФ төрешілік және инспекция департаментінің жетекшісі Нуну Каштру мен VAR нұсқаушысы Леонид Калошин жүргізді.
Бағдарлама аясында IFAB ұсынған ойын ережелеріндегі жаңартулар талқыланды. Бұл өзгерістер алдағы маусымда УЕФА аясындағы матчтарда қолданысқа енеді. Сондай-ақ ішкі біріншіліктердегі маңызды ойын сәттері сараланып, төрешілердің ереже түсіндіруде ортақ ұстанымда болуына баса назар аударылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай семинарлар маусым бойы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, төрешілердің кәсіби деңгейін арттырып, УЕФА-дағы қазақстандық өкілдікті күшейтуге бағытталған тәлімгерлік жүйесі де жалғасады.