Юрий Буйлов мерейтойы

Құрметті Юрий Павлович!
Сізді 85 жасқа толған мерейтойыңызбен Қазақстан футбол федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің өміріңіз – тұтас бір дәуірдің айнасы. Алматылық футбол мектебінің түлегі ретінде алаңдағы жарқын ойыныңызбен де, одан кейінгі ұстаздық пен ұйымдастырушылық қызметтеріңізбен де қазақ футболының дамуына сүбелі үлес қостыңыз. Сіз – футболшы, бапкер, төреші, инспектор, білікті маман ретінде ел спортының тарихында өшпес із қалдырған жансыз.
Сіздің еңбегіңіз тек алаңмен шектеліп қалған жоқ – бірнеше буын спортшы мен маман тәрбиелеп, ардагерлер турнирінен бастап халықаралық деңгейдегі жарыстарға дейінгі көптеген жобаларда жетекші рөл атқардыңыз. Ұлттық және қалалық федерациялардағы белсенділігіңіз – жас ұрпаққа үлгі.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, қажымас қайрат пен сарқылмас қуат тілейміз! Мерейлі жасыңыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Қазақстан футбол федерациясының ұжымы