Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 13-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 13-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

24 маусым 2025, 00:13
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 13-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялайды.

Ақтөбе – Астана

54-минут – «Астана» командасының айып алаңында доп орталыққа асырылып, екі ойыншы допқа таласты. «Астана» командасының қорғаушысы алға шығып, допты қолмен емес, кеудесімен ойнады. Бұл жағдайды алаңдағы төрешіге байқау қиын болды, бірақ эпизод ВАР арқылы тексерілді.

Төрешінің дұрыс шешімі – ойынды жалғастыру, себебі қорғаушы допты кеудемен ойнады.

ВАР шешімі – араласпау, дұрыс шешім.

78-минут – «Ақтөбе» командасының айып алаңында доп орталыққа асырылды. «Астана» ойыншысы №10 допты қабылдап, қақпаға қарай бұрылмақ болған кезде, «Ақтөбе» қорғаушысы №26 тайып барып, допқа ойнамай, қарсыласының оң аяғына/табанынан анық соқты. Бұл — анық фол, және «Ақтөбе» қақпасына пенальти белгіленуі тиіс еді.

Төрешінің бастапқы шешімі – ойынды жалғастыру – қате.

ВАР шешімі – араласу және эпизодты қарап шығуды (OFR) ұсыну — дұрыс.

Төрешінің түпкілікті шешімі – «Ақтөбе» қақпасына пенальти белгілеу – дұрыс.

90+3-минут – «Астана» командасының айып алаңында «Ақтөбе» шабуылшысы қақпаға қарай соққы жасады. Оның дәл алдында және өте жақын жерде қорғаушы №45 тұрды, доп соған тиді. Видеода доп қолына немесе денесіне тигені анық көрінбесе де, қорғаушының қолы денесіне жабысып, табиғи күйде болды. Сондықтан бұл жағдайда фол жоқ.

Төрешінің дұрыс шешімі – ойынды жалғастыру.

ВАР шешімі – араласпау, дұрыс.

 

Қайсар – Ұлытау

36-минут – «Қайсар» командасының жылдам шабуылы кезінде «Ұлытау» ойыншысы №19 «Қайсар» қорғаушысы №17-ден алда болып, тек қақпашымен бетпе-бет шықты. Қорғаушы артынан қарсыласын иықтан қолымен ұстап, құлатып, анық гол соғуға мүмкіндік бермеді.

Төрешінің дұрыс шешімі – айып соққысын белгілеп, ойыншыға қызыл қағаз көрсету.

ВАР шешімі – араласпау, дұрыс.

Бөлісу
Жоғары