ҚФФ Техникалық орталығы «А» категориялы курстың үшінші модулін өткізіп жатыр

ҚФФ Техникалық орталығы «А» категориялы курстың үшінші модулін өткізіп жатыр

18 маусым 2025, 16:14
2025 жылдың 17-19 маусым аралығында Талғар қаласында Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы бапкерлерге арналған «А» категориялы курстың үшінші модулін өткізіп жатыр.

Бұл кезеңнің басты тақырыптары:

 

  • қорғаныстағы ойын (1 және 2 аймақтар)
  • тактикалық периодизация 
  • апталық жаттығу жоспарын құру

Қатысушылар командалық қорғаныс принциптерін талдап, жаттығу жүктемесін дұрыс жоспарлау мен апталық циклді ұйымдастыру жолдарын меңгереді.

Курс барысында тыңдаушылар шағын топтарға бөлініп, практикалық тапсырмалар орындайды. Олар өз бетінше жаттығу өткізіп, теориялық білімді нақты көрсетіп, топ алдында жоспарларын таныстырады.

Бұл модуль бапкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге, қазіргі футболдағы тактика мен жаттығу үдерісін терең түсінуге бағытталған.

Бөлісу
Жоғары