«KFF Grassroots Awards»: Қостанайлық «KSK» әуесқой футбол командасы марапатталды

«KFF Grassroots Awards»: Қостанайлық «KSK» әуесқой футбол командасы марапатталды

17 маусым 2025, 15:55
Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаменті жүзеге асырып жатқан «KFF Grassroots Awards» жобасы аясында Қостанай қаласындағы «KSK» әуесқой футбол командасы үздік деп танылды.

Марапаттау рәсімінде команда арнайы жаттығу құрал-жабдықтарымен қамтылып, команда мен оның жетекшісіне aлғыс хат  табысталды.

Бұл бастама бұқаралық футболды қолдауға және дамытуды ынталандыруға бағытталған. Федерация бұқаралық футболды дамытудың маңызын атап өтіп, осындай табысты командаларды қолдау арқылы спорттық белсенділік пен салауатты өмір салтын дәріптеуді жалғастырады.

«KSK» командасы:
 • 2023 және 2024 жылдары Қазақстан Республикасы чемпионатының әуесқой командалар арасындағы финалдық кезеңінің қатысушысы;
 • 2023 жылғы финалдық кезеңнің күміс жүлдегері;
 • 2022, 2023 және 2024 жылдардағы Қазақстан чемпионатының Қостанай қаласында өткен алдын ала кезеңінің жеңімпазы.

Бөлісу
Жоғары