ҚФФ Атқару комитетінің отырысы өтті

ҚФФ Атқару комитетінің отырысы өтті

20 маусым 2025, 11:37
2025 жылғы 18 маусымда Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің сырттай дауыс беру режимінде кезектен тыс отырысы өтті.

Күн тәртібіне Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеттердің, Апелляциялық комитеттің құрамына өзгерістер енгізу және футзалдан 2025 жылғы маусымның регламенттері мен жарыс нәтижелерін бекіту және өзге де мәселелер енгізілді.

Күн тәртібіне сәйкес Атқару комитеті келесі шешімдерді қабылдады:

1. Жекеменшік футбол мектептері мен академияларының жасөспірім командалары арасында Қазақстан Республикасы футбол чемпионатының регламенті бекітілді.

2. Төмендегі жарыстардың нәтижелері бекітілді:

  • 2024 жылғы футзалдан Қазақстан Республикасы Olimpbet Суперкубогы;
  • 2024-2025 жылдардағы футзалдан Қазақстан Республикасы Olimpbet Кубогы;
  • 2024-2025 жылдардағы футзалдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты;
  • 2025 жылғы футзалдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты;
  • 2024-2025 жылдардағы футзалдан дайындық топтары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаттары (U-13, U-15, U-17, U-19).

3. Атқару комитеті отырыстарын өткізу жөніндегі Техникалық регламенттің жаңа редакциясы бекітілді.

4. Дау-дамайларды шешу палатасының Процедуралық қағидаларының жаңа редакциясы бекітілді.

5. Қазақстандық футбол ардагерлеріне арналған стипендия тағайындау туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілді.

6. Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеттердің (бір мүшесі тағайындалды), сондай-ақ Апелляциялық комитеттің (төраға және бір мүше тағайындалды) құрамдарына өзгерістер енгізілді.

Бөлісу
Жоғары