«KFF Grassroots Awards» жобасы аясында павлодарлық футбол командасы марапатталды

«KFF Grassroots Awards» жобасы аясында павлодарлық футбол командасы марапатталды

20 маусым 2025, 10:10
Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткен жоба қорытындыланып,  бұқаралық футболды және спорттық әлеуетті дамытуға қосқан үлесі үшін  павлодарлық «Акбет» ФК марапатталды.

Бұқаралық футбол департаментінің басшысы Никита Мозговой клуб мүшелерін құттықтап, оқу-жаттығу процесіне қажетті арнайы инвентарь сыйға тартты. 

2012 жылы негізі қаланған «Акбет» әуесқой футбол клубы – Қазақстандағы беделді футбол өкілдерінің бірі. Клуб жылдар бойы түрлі деңгейдегі турнирде табысқа жетіп, өз аймақтың ғана емес, ел намысын қорғап келеді.

Жетістіктері:
 • 2017 жыл – Қазақстан Республикасы бойынша әуесқой командалар арасында өткен «Өңірлер кубогының» иегері;
 • 2018 жыл – кәсіби командалар арасында өткен Қазақстан кубогының топтық кезеңіне қатысушы;
 • 2019 жыл – «Өңірлер кубогының» күміс жүлдегері;
 • 2020 жыл – Қазақстан чемпионатының (әуесқой командалар арасында) күміс жүлдегері;
 • 2021 жыл – Қазақстан чемпионатының (әуесқой командалар арасында) чемпионы;
 • 2022 жыл – «Өңірлер кубогының» иегері;
 • 2023 жыл – Павлодар облысы біріншілігінің жеңімпазы және Қазақстан чемпионатының (әуесқой командалар арасында) чемпионы;
 • 2024 жыл – УЕФА Өңірлер кубогы 2024/2025 маусымының топтық кезеңіне қатысушы.

Бөлісу
Жоғары