ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League бесінші турында «Хан-Тәңірі» U-18 командасын жеңді

ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League бесінші турында «Хан-Тәңірі» U-18 командасын жеңді

20 маусым 2025, 22:07
Ұлттық академия ойыншылары Freedom QJ League турнирінің бесінші турында Талғар қаласындағы «Пеле» стадионында «Хан-Тәңірі» U-18 клубымен кездесті.

2010 жылы туған ойыншыларынан құралған ұлттық академия «Хан-Тәңірі» U-18 командасымен өткен кездесуде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Есепті 13-минутта Әмірхан Маратов ашты – оған нәтижелі пас берген Давид Заречный. Қонақтар 32-минутта Рауан Сәрсенбектің голымен жауап қатты. Алайда үзілістен кейін алаң иелері қайтадан алға шықты – 59-минутта Радмир Хизметов көзге түсті. Ал 72-минутта Алиасқар Рахимбаев үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.

ҚФФ U-16 академиясы – «Хан-Тәңірі» U-18 – 3:1 (1:1)

Голдар: Маратов 13 (1:0), Сәрсенбек 32 (1:1), Хизметов 59 (2:1), Рахимбаев 72 (3:1);

ҚФФ U-16 академиясының құрамы: Асхат (қ), Рахимбаев, Турищев, Жұмагелді (Оразғалиев 85), Лисохмар, Болат (Дұтпаев 73), Шипицин (Оспанов 46), Маратов (Бабашев 61), Шалыгин (Жақұпов 87), Заречный (к), Дәулетұлы (Хизметов 46);

Қосалқы құрам: Заманбек (қ), Хизметов, Бабашев, Оспанов, Жақұпов, Дұтпаев, Оразғалиев;

20.06.2025. «Пеле» стадионы, Талғар.

Бөлісу
Жоғары