«KFF Grassroots Awards» жобасы аясында елордалық EL Clasico футбол командасы марапатталды

«KFF Grassroots Awards» жобасы аясында елордалық EL Clasico футбол командасы марапатталды

20 маусым 2025, 15:54
Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткен жоба қорытындыланып,  бұқаралық футболды және спорттық әлеуетті дамытуға қосқан үлесі үшін елордалық EL Clasico футбол мектебі марапатталды.

Бұқаралық футбол департаментінің басшысы Никита Мозговой клуб мүшелерін құттықтап, оқу-жаттығу процесіне қажетті арнайы инвентарь сыйға тартты. 

Астана қаласындағы EL Clasico жекеменшік балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі:

 • 2021 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан жекеменшік футбол мектептері мен академиялар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына тұрақты қатысушылар (2021, 2022, 2023, 2024 жылдары);

 • 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында аталған чемпионаттың төрт дүркін күміс жүлдегері (2021, 2022, 2023, 2024 жылдары);

 • 2025 жылы 2010 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы футбол клубтарының қатысуымен өтетін Қазақстан чемпионатының (Жасөспірімдер Лигасы 2) қатысушысы.

Бөлісу
Жоғары