ҚФФ U-16 ұлттық академиясы Freedom QJ League 6-турында «Жеңіс» U-18 командасын жеңді

Есепті алғашқы болып алаң иелері ашты – 23-минутта Расиль Исаев Сырым Ерболаттың пасынан кейін гол соқты. Алайда академия ойыншылары бірінші таймның соңына дейін есепті теңестірді: 41-минутта Артем Шалыгин Платон Шипициннің дәл пасынан кейін мергендік танытты. Ал 75-минутта Арғын Жұмагелді соққан гол матчтың шешуші сәтіне айналып, ҚФФ академиясына маңызды жеңіс әкелді.
«Жеңіс» U-18 – ҚФФ U-16 академиясы – 1:2 (1:1)
Голдар: Исаев 23 (1:0), Шалыгин 41 (1:1), Жұмагелді 75 (1:2);
ҚФФ U-16 академиясының құрамы: Асхат (қ), Рахимбаев, Турищев, Жұмагелді, Лисохмар, Болат (Хизметов 46), Оспанов (Дұтпаев 46), Шипицин (Даулетұлы 70), Маратов (Бабашев 70), Шалыгин (Жақұпов 84), Заречный (к);
Қосалқы құрам: Заманбек (қ), Каси, Хизметов, Бабашев, Оспанов, Жақұпов, Дұтпаев;
26.06.2025. «Футбол үйі», Астана.