Астана күніне орай балалар арасында инклюзивті футболдан жолдастық кездесу өтеді

«UNI Football League» – аутизм, Даун синдромы, ДЦП және басқа да менталды ерекшеліктері бар 10-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арнайы әзірленген футбол жобасы.
Жобаға Қазақстанның 9 қаласынан 115 бала қатысады: Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.
Жобаны ұйымдастырушылар: «Bolashak Charity» Қоғамдық қоры және Қазақстан футбол федерациясы. Бас демеуші – Freedom Holding Corp., «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры арқылы.
«Uni Football League» секциялары қатысушылардың ерекшеліктерін ескеретін арнайы жаттығу регламенті бойынша жұмыс істейді және ойынға барынша қолайлы жағдай жасайды.
Жобаның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге сапалы спорттық бағдарламаға қол жеткізу мен әлеуметтенуге мүмкіндік беру. Жоба 2023 жылғы қарашада Астанада «Bolashak Charity» қоры ұйымдастырған Қысқы қайырымдылық балынан түскен қаражат есебінен бастау алған болатын.
Астана мен Қарағанды қалаларында барлығы 23 жеткіншек (аутизм және Даун синдромы бар) тұрақты түрде жаттығуда. Жолдастық матчқа ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, олардың ата-аналары, ұйымдастырушылар мен жоба серіктестері қатысады.