УЕФА маусымы қарсаңында Төрешілік және қадағалау департаменті клубтарды ақпараттандырды

УЕФА маусымы қарсаңында Төрешілік және қадағалау департаменті клубтарды ақпараттандырды

08 шілде 2025, 11:52
2025/2026 жылғы УЕФА маусымының басталуына орай Қазақстан атынан халықаралық турнирлерге қатысатын клубтарға ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаменті IFAB енгізген жаңа ойын ережелеріне қатысты негізгі өзгерістерді қамтитын ақпараттық құжат жолдады.

Сонымен қатар, департамент бұл өзгерістер бойынша жан-жақты түсіндірме беруге дайын екенін хабарлады – түсіндіру жұмыстары онлайн немесе офлайн форматта өткізіле алады.

Аталған бастама клубтардың жаңа халықаралық маусымға сапалы дайындалуына жағдай жасау мақсатында қолға алынды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары