Астана мен Қарағандының инклюзивті футбол балалар командалары арасында жолдастық матч өтті

Жалпы Астана мен Қарағанды қалаларында барлығы 23 бала (аутизм және Даун синдромы бар) тұрақты түрде жаттығады.
Барлық қатысушы спорттық киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және ОБҚ бар балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы дайындықтан өткен білікті жаттықтырушылардың басшылығымен жаттығады. Әр қалада жаттықтырушылардың UEFA-ның B, C және D санатындағы лицензиялары бар мамандары жұмыс істейді.
Қазақстан футбол федерациясының «Bolashak Charity» Қоғамдық қорымен бірге ұйымдастырған турнирге Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен қалаларынан 115 бала қатысты.
«UNI Football League» – аутизм, Даун синдромы, ДЦП және басқа да менталды ерекшеліктері бар 10-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арнайы әзірленген футбол жобасы.
Еске салайық, бұған дейін «Uni Football League» инклюзивті лигасы аясында Шымкент қаласында шеберлік сағаты өткізілді.