ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League сегізінші турында «Жетісу» U-18 командасын жеңді

ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League сегізінші турында «Жетісу» U-18 командасын жеңді

10 шілде 2025, 21:23
ҚФФ ұлттық академиясының ойыншылары Freedom QJ League турнирінің сегізінші турында сырт алаңда «Жетісу» U-18 командасымен кездесті.

Ойынның 30-минутында Әмірхан Маратов есеп ашты. Екінші таймда академия басымдығын арттырды — 76-минутта Айбын Дәулетұлы Алан Бабашевтың пасынан кейін екінші голды соқты. 78-минутта Платон Шипицин Әмірхан Маратовтың нәтижелі пасынан кейін қарсылас қақпасына үшінші голды соғып, матчқа нүкте қойды. Нәтижесінде ҚФФ U-16 академиясы «Жетісу» командасын 3:0 есебімен сенімді жеңді.

«Жетісу» U-18 — ҚФФ академиясы U-16 — 0:3 (0:1)

Голдар: Маратов 30 (0:1), Дәулетұлы 76 (0:2), Шипицин 78 (0:3);

ҚФФ академиясының құрамасы; Дүкенбаев (қ), Рахимбаев, Турищев, Жұмагелді (Каси 82), Жақұпов, Болат (Оспанов 60), Дұтпаев, Хизметов (Дәулетұлы 60), Маратов (к) (Дәуренов 82), Шалыгин (Бабашев 60), Шипицин (Лисохмар 86);

Қосалқы құрам: Асхат (қ), Қаси, Дәуренов, Дәулетұлы, Лисохмар, Бабашев, Оспанов;

10.07.2025. Батыржан Оңғаров атындағы стадион, Балпық би.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары