ҚФФ мен Freedom QJ League басшылығының жұмыс кездесуі өтті

ҚФФ мен Freedom QJ League басшылығының жұмыс кездесуі өтті

14 шілде 2025, 18:00
Астанадағы «Футбол үйінде» Қазақстан футбол федерациясы мен Freedom QJ League лигасының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті.

ҚФФ тарапынан кездесуге Федерация президенті Марат Омаров, бас хатшы Давид Лория, Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Руслан Балтиев және техникалық директор Геннадий Скуртул, ал Freedom QJ League тарапынан президент Рохус Шох, атқарушы директор Александр Орлов, спорттық-талдамалық бөлімнің жетекшісі Арсен Іңкәрбеков және travel-менеджер Амир Есеркепов қатысты.

Тараптар кездесуде Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының қазіргі жағдайы мен болашағын, соңғы үш жылда бірлескен жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ ынтымақтастық  нәтижелері қорытындыланып, жаңа бастамаларды іске асыру барысы да қаралды.

Қос тарап жасөспірімдер футболын дамытуға және жас ойыншыларды дайындау жүйесін нығайтуға бағытталған жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары