Көңіл айту

Көңіл айту

15 шілде 2025, 13:39
Қазақстан футбол федерациясы отандық футболдың ардагері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Болат Сербайұлы Төлегеновтің өмірден өтуіне байланысты көңіл айтады.

Болат Сербайұлы - саналы ғұмырын балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға арнап, бірқатар ойыншының спортқа жолын ашқан ұлағатты ұстаз. Оның қайсарлығы мен ұстамдылығы, өз ісіне деген махаббаты мен адалдығының арқасында талантты ойыншылар елге танылды. Ол баулыған шәкірттердің қатарында елімізге белгілі Асхат Қадырқұлов, Ерлан Оразаев, Жамбыл Көкеев, Нұрлан Насыров, Марат Әбділдабеков және басқа да футболшылар бар.

Бұл жалғандағы сапарын тәмәмдап, мәңгілік мекенге аттанған Болат Сербайұлының отбасына, туған-туыстарына және жақындарына Қазақстан футбол федерациясы атынан қайғырып көңіл айтамыз. 

Болат Сербайұлының рухы шат, жаны жәннаттық болсын! Ел футболын асқақтатуға атсалысқан асыл азаматтың есімі жұртының жүрегінде мәңгі сақталғай!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары