ҚФФ мен Ұлттық падел федерациясы әріптестік жөнінде меморандумға отырды
16 шілде 2025, 10:14

Бұл келісім спортшылардың функционалдық дайындығын арттыруға мүмкіндік беріп, еліміздің спорттық экожүйесінде әртүрлі спорт түрлері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Құжатта қос федерацияның бір-бірін қолдап, спорт инфрақұрылымын тиімді пайдалануға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға мүдделі екені айқын көрсетілген.
Падел – Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Халықаралық падел федерациясының бағалауынша, бұл спорт түрі алдағы уақытта Олимпиада бағдарламасына енуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Ұлттық падел федерациясына арнайы барып, шеберлік сабағына қатысқан болатын.
Жаңалықтар
15 шіл., 13:39
14 шіл., 18:00
14 шіл., 15:32