Жеке футбол мектептері арасындағы жарыста «Qyran» чемпион атанды

Жеке футбол мектептері арасындағы жарыста «Qyran» чемпион атанды

18 шілде 2025, 15:29
Алматыда өткен жеке футбол мектептері мее академиялары  арасында 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ҚР футбол чемпионаты аяқталды

Алматы қаласындағы «ФФ Арена» стадионында өткен  додаға 8 команда қатысып, нәтижесінде «Qyran» командасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орын  «ЦСКА» командасына, үшінші орын «Арыстан» командасына бұйырды. 

Жалпы турнир екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде командалар 4-тен екі топқа бөлініп, әрқайсысы бір айналымдық жүйе бойынша бір-бірімен ойнап, екінші кезеңге өтетін командаларды анықтады. Екінші кезеңде әр топта 1 және 2-орын алған командалар «плей-офф» кезеңінде ойнап, алты күндік сайыс өз мәресіне жетті.

Жеңімпаз команда 2025 жылы жеке футбол мектептері мен академияларының жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады.

Бөлісу
Жоғары