«Қазақстан әуесқой лигасы»: Қостанайдағы іріктеу аяқталды

«Қазақстан әуесқой лигасы»: Қостанайдағы іріктеу аяқталды

22 шілде 2025, 11:30
Қостанай қаласындағы «Тобыл» аренасында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған Әуесқой лигасының аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті.

Екі айға созылған додада 8 команда бақ сынап, барлығы 28 кездесу өтті.

Қорытынды бойынша Қостанай облысының намысын республикалық кезеңде «Арлан» командасы қорғайды. «КСК» екінші орынды иеленсе, үздік үштікті «Алаш» командасы түйіндеді.

Биыл алғаш рет жолға қойылған жоба жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін болады. 2025 жылғы маусымда елдің 20 өңірінен 268-ден астам команда, 5000-нан аса ойыншы қатысады деп жоспарланған. Жалпы саны 1500-ден астам матч 34 локацияда өтеді.

Турнир екі кезеңнен тұрады. Мамыр мен қыркүйек аралығында өтетін аймақтық іріктеуден кейін үздік командалар қазан айында Қазақстан Республикасы чемпионы атағы үшін таласады. Жеңімпаз 2026 жылғы маусымда Екінші лигада ойнау, Қазақстан кубогына қатысу және УЕФА Аймақтар кубогында ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Әуесқой лига форматы алдағы уақытта кеңейтіліп, қатысушы командалар саны да артады. Бұл бастама елдегі футбол экожүйесінің барлық деңгейде дамуына серпін береді.

Бөлісу
Жоғары