Өскемен қаласында өткен 2007–2008 жылы туған жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты аяқталды

Өскемен қаласында өткен 2007–2008 жылы туған жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты аяқталды

23 шілде 2025, 15:35
Чемпионатқа барлық облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынынан 9 команда қатысты.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына Қазақстан футболының ардагерлері Павел Салий, Павел Евтеев және Вячеслав Федоров қатысты.

Жарыс қорытындысымен  1-орынды Павлодар облысы, 2-орынды Ақтөбе облысы, ал 3-орынды Астана қаласының құрамасы иеленді.

Сондай-ақ үздік ойын көрсеткен ойыншыларға арнайы номинациялар табысталды:

 • «Үздік қақпашы» – Матвей Жарков (Павлодар облысы)
 • «Үздік қорғаушы» – Рабхат Аманжолов (Павлодар облысы)
 • «Үздік жартылай қорғаушы» – Алдияр Төлеутай (Астана)
 • «Үздік шабуылшы» – Денис Котов (Павлодар облысы)
 • «Үздік сұрмерген»» – Бехруз Садықов (Жамбыл облысы), 9 гол
 • Үздік ойыншы» – Әли Аққазы (Ақтөбе облысы)

Бөлісу
Жоғары