Ойын ережелеріне сәйкес Премьер-лиганың 17-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер

Елімай – Жеңіс
74-минут – Алаң ортасында қонақтар командасының №4 ойыншысы мен алаң иелерінің №19 ойыншысы арасында доп үшін талас болды. Қонақтардың ойыншысы қарсыласын жай итеріп, допты иемденіп, оны құлатты. Жерде жатқан алаң иелерінің №19 ойыншысы жауап ретінде қарсыластың аяғынан жеңіл теуіп жіберді. Оны сезген қонақтардың ойыншысы кері бұрылып, №19 ойыншыны жеңіл түрде кері итерді.
Жағдайды толық бақылаған төреші екі ойыншыға да спорттық емес мінез-құлқы үшін сары қағаз көрсетті, себебі екі жанасуда да аса агрессивті немесе шамадан тыс күш қолданылмады. Алаң иелері ойыншысының әрекеті қауіпті көрінсе де, сары қағазбен шектелу – орынды шешім.
Бұл матчта VAR жүйесі техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемеді. Оның төрешілер жүйесіне қатысы жоқ.
Қайрат – Қайсар
50-минут – Қонақтар командасының №10 ойыншысы допты қарсыластың айып алаңына қарай тебеді. Айып алаңында алаң иелерінің №89 қорғаушысы және қонақтардың №2 шабуылшысы допқа таласады. Қорғаушы шабуылшының артында тұрса да, допқа тым ерте секіріп, қарсыласының басын қолымен ұрып жібереді. Ол допқа қарамай тұрған сәтте басына доп тиеді. Ниеті допқа ойнау болса да, ол допқа жетпей жатып, қарсыласы тұрғанын біле тұра қолмен ұрғаны факт болып қала береді.
Бас төреші бұл жанасуды байқамай қалды. Сондықтан VAR дұрыс араласып, эпизодты қарап шығуға кеңес берді.
Кейін төреші дұрыс шешім қабылдады. Бұл – қарсыласқа қолмен ойнағаны үшін анық ереже бұзу және абайсыздықпен жасалған фол.
78-минут – Қонақтар командасының айып алаңында алаң иелерінің №15 шабуылшысы допты айып алаңының ортасына қарай пас береді. Қорғаушы допты сырғанап аяғымен қағады. Доп денесінен өзіне қайта келіп, қолының астына тиеді. Осындай қозғалыс кезінде қолы табиғи қалыпта тұрды. Әрекет әдейі болған жоқ.
Ойын ережесі бұзылмаған соң, төреші ойынды жалғастырып, дұрыс шешім қабылдады.
Сондықтан VAR араласпайды.
Астана – Тұран
90+1 минут – Қонақтар командасының айып алаңында қақпашы допты қолымен ойнау үшін сырғанай түсіп, алаң иелерінің №81 шабуылшысына қарсы әрекет жасайды. Шабуылшы допты бақылап, жоғары жылдамдықпен келе жатты. Қақпашы допқа жете алмаған соң, қарсыласын шалып құлатты.
Төрешіжағдайды жақынан бақылап тұрған соң, дұрыс шешім қабылдап, пенальти белгіледі.
Қақпашы ережені анық бұзғандықтан, VAR араласқан жоқ.