Қазақстанда жекеменшік футбол мектептері арасындағы республикалық чемпионат басталды
23 шілде 2025, 18:40

Чемпионат қазіргі таңда Алматы, Қостанай, Тараз және Атырау қалаларында өтіп жатыр. Кейінірек турнир еліміздің басқа да өңірлерінде жалғасын табады. Жарыс Қазақстанның 18 аймағын қамтиды.
Биылғы біріншілік 6 жас санаты бойынша ұйымдастырылған. Жалпы саны 400-ден астам командада 6500-ден аса жас футболшы өзара бақ сынауда.
Турнир жасөспірім ойыншылардың шеберлігін шыңдап, кәсіби футболға жол ашуды мақсат етеді. Сонымен қатар еліміздегі футбол инфрақұрылымы мен академиялық жүйені дамытуға үлес қосады.
Жаңалықтар
22 шіл., 15:19
22 шіл., 11:30
21 шіл., 09:45
20 шіл., 09:00