Түркістанда Қазақстан әуесқой лигасы ойындарына 186 команда қатысып жатыр
01 тамыз 2025, 09:37

Түркістанда ұйымдастырылған Қазақстанның Әуесқой лигасы екі кезеңде жүреді. Алдымен аудандар A, B, С және D топтарында ойнап, кейін олар облыстық кезеңге жолдама алады.
Қазір екі топтағы ойындар аяқталып, С тобындағы ойындар жалғасуда. Ол Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта D тобының ойындары басталады. Топтық кезеңнің жеңімпазы облыстық деңгейде аудан намысын қорғайды.
Ал облыстық кезеңнің финалдық ойынын тамыздың үшінші жексенбісінде Спорт күніне қарай ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
28 шіл., 17:00