Александр Кеплин Конференция Лигасының «Спаэри» – «Аустрия» матчының делегаты болып тағайындалды

Александр Кеплин Конференция Лигасының «Спаэри» – «Аустрия» матчының делегаты болып тағайындалды

30 шілде 2025, 11:41
Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры Александр Кеплин УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Спаэри» (Грузия) мен «Аустрия Вена» арасындағы матчына делегат болып тағайындалды.

Ойын 31 шілде күні сағат 21:00-де Тбилисси қаласындағы «Михаил Месхи-2» стадионында өтеді.

Александр Кеплин – Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап УЕФА матчтарының делегаты болып келеді. Бұған дейін Кеплин УЕФА Конференция лигасының АПОЭЛ – «Целе», сондай-ақ әйелдер арасындағы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Мажарстан W – Сербия W секілді матчтарында қызмет атқарған.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары