Атырауда жеке футбол клубтары мен мектептерінің арасында футболдан ҚР чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды

Атырауда жеке футбол клубтары мен мектептерінің арасында футболдан ҚР чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды

29 шілде 2025, 16:50
Атырау облысында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен өткен 2008-2009, 2010, 2011, 2013-2014 және 2012 жылы туған балалар арасындағы футболдан облыстық іріктеу кезеңі аяқталды.

2008-2009 және 2010 жылы туған балалар арасындағы турнир «Мұнайшы» стадионында 11*11 форматында ұйымдастырылды. 2010 жылы туғандар арасынан «Көктем» командасы, 2008-2009 жылы туғандар арасынан «Аякс Атырау» командасы ақтық кезеңге өтті. 

Ал 2011 жылы туған балалар арасындағы дода «Томарлы» стадионына өтті. Оған 7 команда қатысып, жарыс 8+1 форматында ұйымдастырылды.  Командалар 3 турда 13 ойын өткізіп, нәтижесінде «Көктем» командасы республикалық чемпионатқа жолдама алды. Ол финалда «Jas buyn» командасымен 1:1 есебімен тең түсіп, кейін пенальти арқылы жеңіске жетті. 

Бұдан бөлек, 2012 жылы туғандар арасынан «Бейбарыс» командасы қатарынан оқ бойы оза шапты. Аталған жас санатында 8*1 форматында  5 команда бақ сынасып, 10 ойын өткізді. 

Сондай-ақ 2013-2014 жылы туғандар арасында өткен іріктеу ойындарына 12 команда қатысты. 8*1 форматындағы ойында командалар екі топта 5 тур бойынша 34 ойын өткізді. Финалда «Көктем» және «Реал спорт» командалары кездесіп, 2:1 есебімен көктемдіктер республикаға жолдама алды.

Алда әлі 2015-2016 жылы туған балалар арасындағы турнир ойындары бар. Оны тамыз айында өткізу жоспарланды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары