ҚФФ U-16 академиясы Freedom QJ League B турнирінің 11-турында «Алтай» U-18 командасын жеңді

Кездесудің 19-минутында шабуылшы Артем Шалыгин есеп ашты, оған голдық пасты Әмірхан Маратов берді. Алғашқы таймның соңына қарай Ануар Төленді есепті еселеп, 41-минутта дәл соққымен көзге түсті. Екінші таймда ҚФФ U-16 академиясы ойын тізгінін өз қолында ұстап, қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Бұл жеңіс ҚФФ U-16 академиясына Freedom QJ League B турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Команда 11 ойында 23 ұпай жинады.
«Алтай» U-18 – ҚФФ U-16 академиясы – 0:2 (0:2)
Голдар: Шалыгин 19' (0:1), Төленді 41' (0:2);
ҚФФ U-16 академиясының құрамы: Заманбек (қ), Рахимбаев, Турищев (к), Жұмагелді, Жақұпов (Қаси 89), Дұтпаев (Заречный 64), Оспанов (Қамбар 83'), Болат, Маратов (Бабашев 46), Шалыгин, Төленді.
Қосалқы құрам: Дукенбаев (қ), Қаси, Заречный, Хизметов, Бабашев, Қамбар, Оразғалиев;
01.08.2025. «Восток» стадионы, Өскемен.